Мәжіліс және мәслихат депуттатығына кезектен тыс сайлауға 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылған. Осы уақытқа дейін 5 мыңнан астам отандасымыз дауыс берді. Сайлау учаскелерінің 33-і жұмысын аяқтады, ал 44-інде әлі дауыс беру жалғасуда. Ал Сан-Франциско штатында дауыс беру Астана уақытымен 20:00-де басталды. Ертең таңғы 9-да аяқталады.Роман ВАСИЛЕНКО, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта мен Ханой қалаларында дауыс беру аяқталды. Жалпы алғанда 5 мыңнан аса Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл сайлаушылардың 41,8 пайызы.