Шетелде құлдықта болған отандастарымыз аман-есен елге оралды

Шетелде құлдықта болған отандастарымыз аман-есен елге оралды

Дубайға ақша табуға кетіп, ізім-ғайым жоғалған отандастарымыз табылды. Аман-есен елге оралды. Исламбек Қазбеков пен Жарас Сейіткәрім құлдықтан қашып шыққан. Елге жетуіне жергілікті тұрғын мен халықаралық үкіметтік емес ұйым өкілдері көмектескен. Күні кеше ата-аналары мен туыстары оларды Алматы әуежайынан қарсы алды.Мереке Қазбекова, И. ҚАЗБЕКОВТЫҢ АНАСЫ: Қазір бәріміз үйдеміз енді демалып кішкене. Балалар өз-өзіне келу керек. Бәрі сау, бастысы ұрмаған, соқпаған. Кішкене тамақтануы қиын болды. Елге келді ғой, енді елде болады. Ат салысқан барлықтарыңызға көп-көп рақмет. Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Біздің консул дереу автокөлікпен Тайландтың шекарасына барып, Мьянмадан кішігірім қаланың шетінен оларды алып кетті. Оларға біз қауіпсіз жерде тығылып отыруын сұрадық. Бангкокқа жеткізіліп, олардың құжаттары бәрі рәсімделіп, бүкіл айыппұлдың бәрі көші-қон заңдарын бұзғаны үшін айыппұлдың бәрі төленді. Катар арқылы билет алынып, Алматыға ұшып келді. Смадияровтың сөзінше, шетелдік компаниялар қазақстандықтарға 2-3 мың доллар айлық төленеді деп алдап, арбауына түсіреді. Көбіне құрыққа тіл білетін жоғары білімді азаматтар ілінеді екен. Былтырғы маусым айынан бүгінге дейін Тайландтағы елшілігіміз осы екі азаматты қосқанда еңбек құлдығында болған 14 отандасымызға көмек көрсетті. Олар Мьянма мен Лаоста болған. М. Қалиасқар

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды
  • madeniportal.kz
Испанияда жарнаманы бақылау күшейтіледі
Испанияда жарнаманы бақылау күшейтіледі
  • 24.kz/kz
Әлемдегі ең қарт марафоншы қайтыс болды
Әлемдегі ең қарт марафоншы қайтыс болды
  • baq.kz
Тоқаев тағы бір заңға қол қойды
Тоқаев тағы бір заңға қол қойды
Алматының тау бөктерінде салынған таунхаус сүріліп жатыр
Kaspi Bank Перизат Қайраттың қорына 620 миллион теңгені неге аударды?
Алматы әуежайында қызды кепілге алған ер адам сотталды
Еуропаның үш елі Украинаға арналған АҚШ қаруы үшін ақша төлеуден бас тартты
Алматы әуежайында қызметкер қызды кепілге адам сотталды
Kaspi банк Перизат Қайрат басқарған қорға 620 миллион теңге аударған
"Жүрегі – қалқан, даусы – семсер": Димаш Құдайберген жаңа бейнесімен жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады
Алматыда 40 жылдан астам уақыт бұрын төселген жылу құбырын ауыстыруға байланысты бір көшеде қозғалыс шектеле
Алматыда тағы бір көше уақытша жабылады
Зейнеткер Перизат Қайраттан 1 миллион теңгесін қайтаруды талап етті
Ұлттық Банк ең жоғары инфляция көрсеткіші тіркелген өңірлердің атын атады
«Жарқырау үшін сыну керек болды»: Тұрсынбектің әйелі еңкілдеп жылады (ВИДЕО)
Мемлекет басшысы 31 тамызда Қытайға барады
Қазақстанда жыл басынан бері пойыз билетінің құны 25,6%-ға (!) өскен
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде инновациялық білім беру бағдарламалары ашылды
Мәжбүрлі неке – енді қылмыс: Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Павлодарлық зейнеткер “Biz Birgemiz” қорына аударған 1 миллион теңгесін қайтаруды талап етті
Тоқаев Қазақстанда қыз алып қашуға тыйым салды
"3 күн бұрын ауылда қара ешекпен жүргем": Мұхамеджан Тазабек Қонаевпен қалай танысқанын айтты (ВИДЕО)