Шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы лагерь өз жұмысын аяқтады

Шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы лагерь өз жұмысын аяқтады. Екі апта бұрын атажұртқа келген қандастар қимастықпен қоштасты. «Жас қазақ» деп аталатын этно-лагерь 2019 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.Мұнда әр елден келген қазақ балалары ауызбіршілігі жарасып, танысып үлгеріпті. Қазір сұрайықшы. Кім қайдан келгенін. - Өзбекстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей. Екі аптаға жалғасқан лагерьге әлемнің 8 мемлекетінен 200-ге жуық этникалық қазақ келді. Араларында атажұртқа алғаш келгендер де бар. Жанболат, ОҚУШЫ:Баян-Өлгей аймағында 85 пайыз қазақстар өмір сүреді. 15 процент моңғолдар өмір сүреді. Олар қазақстармен көп өмір сүріп, бірге жүргендіктен қазақ тілін біледі десек те болады. Тіл демекші, бұл лагерьде өзге тілде сөйлесуге рұқсат жоқ. Бәрі ана тілінде тілдеседі. Ол үшін арнайы шеберлік сабақтар да ұйымдастырылған. Онда балалар қазақ халқының тарихымен, дәстүрімен терең танысады. Халық биін үйреніп, ұлттық аспаптарда ойнауды меңгерді. Иманбек КІНИЯЗҰЛЫ, ОҚУШЫ:Қандай күйді жақсы көресің тартқанды? – Жекпе-жекті жақсы көремін. – Ал, лагерь ұнап жатыр ма? – Иә, лагерь ұнап жатыр. Қимастық бар. Лагерьде Иманбек секілді өнерлі бала көп. Бірі сурет салады, енді бірі ән айтып, би билейді. Аттың құлағында ойнайтындар да бар. Жігіттер, қыздар көңіл күй қалай? – Жақсы. – Ұнап жатыр ма? – Иә. Әр аттың өзінің ерекшелігі бар екен. Есімдері, қатар жүргендері сондай керемет.Жырақта жүрген қазақ балалары тарихи отанына оралуды аңсап жүргендерін айтады. Көбісі болашақта қазақстандық жоғары оқу орнында білім алғысы келеді. Абзал САПАРБЕКҰЛЫ, «ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» КЕАҚ ПРЕЗИДЕНТІ:Екі апталық осындай жазғы лагерьді өткіздік десек болады. Бір, әрине, осы жерге келген балалардың әрқайсысы үшін қобалжыдық, аман-есен келсін, енді аман-есен барсын деп Алладан сұрап отырамыз. Елдеріне аман-есен қайтсын деген тілегіміз. Лагерьдің жабылу салтанатында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шапқан балалар марапатталды. Түрлі сыйлықтар табысталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Өткен жылы елімізде төлқұжат рекордтық көлемде шығарылыпты
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
2025 жылы мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жетеді
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
ІІМ: 2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжанда қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Әзербайжан билігі ұшақ апаты кезінде көмектескен қазақстандықтарды марапаттады
Шымкентте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты тергеу аяқталды
Қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Рекордтық көрсеткіш: 2024 жылы Қазақстанда 1,5 млн адам төлқұжат жасатқан
Қазгидромет Алматы және тағы 9 қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Курьерлерге қойылатын талап күшейтілмек
Дархан Сатыбалды лауазымды қызметке тағайындалды
Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды
Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігіне жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды