Келер жылдың 1-ші қаңтардан бастап 18 жасқа толмаған балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан қаржы түседі. Елімізде кәмелет жасқа толмаған 7 миллионға жуық бала бар. Олар ол ақшаны білім алуға немесе ипотекалық қарызын өтеуге, бастапқы жарна арқылы баспана алуға жұмсай алады. Қаржы кәмелетке толған баланың шотында 10 жылға дейін тұрады. Ақшаны қолданбаған жағдайда зейнетақы шотына аударылады. Егер бала кенеттен қайтыс болса, шоттағы қаржысы ата-анасына немесе бауырларына беріледі. Тарихи отанына оралған немесе Қазақстан азаматтығын алған балалар да «Ұлттық қор - балаларға» жобасы аясында ақша алады.Айбол АРҒЫНҒАЗИН, ҚР ҚМ БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ, ҰЛТТЫҚ ҚОР ЖӘНЕ ҚАРЖЫ СЕКТОРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 18 жасқа толмаған балалардың барлығына бірдей сомма аударылатын болады. Кәмелет жасқа 2024 жылдың ішінде толатын балалар сол қаражат түскен кезден бастап өтінімдерін беріп, өздерінің мақсатты нысаналы пайдаланатындарын растайтын құжаттарын көрсете отырып, ары қарай қаражатты пайдалана алады.