Шетелдік автокөлікті заңдастыруға уәде берген алаяқ ұсталды

Астана тұрғындарына шетелдік автокөлікті заңдастыруға уәде берген алаяқ анықталды. Байқоңыр ауданының полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арызданған. Polisia.kz. мәліметінше, ресейлік есептегі автокөліктің иесі белгісіз бір ер адаммен танысқаны белгілі болды. Ол шетелдік көлікті заңдастыруға көмектесуге уәде берген. Бейтаныс адамға сеніп, астаналық оған 250 мың теңге берген. Ақшаны алғаннан кейін “көмекші” белгісіз бағытта қашып кетті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер алаяқтыққа қатысы бар 35 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу барысында бұл алаяқтың алғашқы құрбаны емес екендігі анықталды. Сол сияқты, ол қысқа мерзімде жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде беріп, тағы екі азаматты алдаған. Аталғаy дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Жағдайы ауыр": Семейде шыршаны безендіру кезінде құлаған мұғалім жайлы досы айтты
2024 жылдың үздік кітаптары
Қазақстан аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды