Шетелдік инвесторлар неге наразы?

Елімізде кәсіпкерлік саласын дамытып отырған шетелдіктерден С 5 визасын талап ету қаншалықты қисынды? Инвесторлардың кейбірі тіпті аяғынан тұрғызып қойған кәсібін тастап, елден кетуге бел буып отыр. Бұл туралы Шымкентте өткен алқалы жиында айтылды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет бірлескен жиында тағы қандай мәселе көтерілді? Тілшіміз тарқатады?Шетелдік инвесторлар Шымкентте бұдан әрі қалғысы келеді ме? Аймақтарда кәсіпкерлік саласын дамытамыз деп жүргенде елдегі үшінші мегаполисте өткір мәселе осы болып тұр. Өйткені салық органдары тарапынан шетелдіктерден талап етілетін салық визасы қомақты инвестиция тартып отырғандарды тығыраққа тіреп тұр. Құрылыс саласына 22 млн доллар инвестиция салып отырмын деген түрік кәсіпкері егер мәселе тез арада шешілмесе елдегі бизнесін жиыстырып кері кетіп қалатынын жеткізді. Йылмаз ШАМ, ТҮРІК ИНВЕСТОРЫ: Салық органдарынан менде ВИЗА С 5 жоқтығына байланысты сотқа талап арыз келді. Шынымды айтсам мен Қазақстан тарапынан бір тиын да көмек алмаймын. Барлық қаражатты Түркиядан тартып отырмын. Оны тексерсеңіздер болады. Салықты уақытылы төлеп тұрмын. Мен ескерткім келеді, егер бұл мәселе шешілмесе мен осында салып отырған қаражаттың барлығын алып, кері кететін боламын. Өйткені мен халықаралық деңгейде жұмыс істейтін адаммын. Соттасып жүруге ниетім де, уақытым да жоқ. Алғаш 2021 жылы көтерілген бұл мәселе біршама тыншып қалған-тын. Ол кезде қырықшақты компания осындай түсінбестікке тап болған. Енді қайта көтеріліп жатыр. С 5 визасын жалпы талап еткен дұрыс па, бұрыс па деген сұраққа жауап жан жақты ізделді. Пікір әралуан. Айтуларынша салықтағылар көші-қон заңына иек артуда. Дінмұхамед ЗИЯТБЕКОВ, ҚАЗАҚ-ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Бірақ бұл заңнама 2012-ден бері бар. 10 жылдан бері ешкімге наразылық тудырған жоқ. Неге бүгін екені сол үлкен сұрақ боп тұр менде. Неге?.10 жылдан бері бұл виза бар. Неге ақыры бизнес имигрант визасы талап етілетін болса онда закон о образование юридических лиц фирмалардың ашу заңнамасына неге өзгерістер он жылдың ішінде енбеген? Ол да сұрақ. Жандос ЖҰМАБАЕВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Екі заңда колезия боп тұр. Жеке кәсіпкерлерде тіркеу бағытында, ол Әділет департаменті бар ғой, сол бағытта яғни бұл визаның керектігі жоқ көрсетілгенде, ал миграция бағытында заңда бұл визаның керектігі көрсетілген. Яғни бір біріне қарама қайшы кеп тұр. Біз бұны жемқорлық тәуекелі деп анықтап алдық. Яғни бір жағынан бір мемлекеттік орган «керек» деп айтып жатса, екінші жағынан «керек жоқ» деп жатса, бұл кісі біздің кәсіпкерлер инвестиция әкеп жатқан кәсіпкерлер шетелден кеп жатқан, бұларға кедергі кеп жатыр. Әкімшілік кедергі. Атамекен кәсіпкерлер палатасына шетелдік іскер азаматтардан түсіп жатқан шағым аз болмай тұрған секілді. Палата өкілінің мәліметінше, елімізге сыртттан келетін 57 елден виза талап етілмейді. Сондықтан салықтағылардың бұл талабы қисынсыз деп санайды. Мелес СЕЙТЖАНОВ, "АТАМЕКЕН" ҰКП КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл мәселеден барлық органдар хабардар. Өте өзекті мәселе. Тезірек шешімін таппаған жағдайда шетелдіктер елді тастап кері кетіп қалады ма деген уайым бар. Инвесторлардың кетуі еліміздің беделіне де нұқсан келтіреді әрі экономика үшін де тиімсіз. Жиында сондай-ақ, қытайлық кәсіпкерлердің мәселесі де көтерілді. Кезінде жергілікті кәсіпкермен бизнесін біріктіріп, 50 млн доллар қаржы салған қытай жағы аяққа тұсаудың көптігіне наразы. Кэ ЦЗЯНДУН, ҚҰРЫЛТАЙШЫ: «Амир-А» ЖШС-не қатысты мәселе көтеріп отырмыз. Біздің кәсіпорынның салыққа қарызы бар. Біз оны төлеуге келісіп, қарызды жабамыз деп отырмыз. Бірақ олар сонда да сотқа арыз беріп, қайта тіркеуімізді жарамсыз деп таныды. Сондықтан, салық органы үшін қарызымызды төлей аламыз ба, жоқ па, бәрібір, оны жарамсыз деп таниды. Бізде дәл қазір осында қиындық болып тұр. Алқалы жиында көтерілген мәселе аяқсыз қалмақ емес. Жиналғандар шетелдіктерден аяқ асты қайта талап етілген С5 визасын да республикалық деңгейде бірлесе шешеміз деп тарқасты. А. Төребекқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін бокстан Қазақстан біріншілігінде жартылай финал басталады
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде чемпион атанды
Аңсар Ниетқалиев Еуропаның үздік теннисшісі атанды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті