Шетелдік қатысуы бар барлық салық төлеушіні тексеру мүмкін емес – министр

Шетелдік қатысуы бар барлық салық төлеушіні тексеру мүмкін емес. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың жауабында айтылған.«Қазіргі уақытта Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылдың екінші жартыжылдығына мерзімді тексерулер бойынша тексеру кестесін түзуіс-шарасын жүргізіп жатыр. Сонымен бірге, шетелдік қатысуы бар барлық салық төлеушіге қатысты тексеру жүргізу мүмкін емес. Осылайша, жүргізіліп жатқан саясат бизнес субъектілерін тексеруді барынша азайту болып табылады. Бұл ретте жұмыстағы екпін сенімсіз салық төлеушілерді анықтауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесі және камералдық бақылау арқылы қамтамасыз етіледі», – деді Ерұлан Жамаубаев жауабында. Оның атап өтуінше, Салық кодексінің 145-бабына сәйкес, тексеру тәуекелдерді бағалау негізінде мерзімді салықтық тексеру және жоспардан тыс салықтық тексеру деп бөлінеді. «Сонымен қатар мемлекеттік кірістер органы салықтық бақылаудың басқа да формаларын жүзеге асырады. Мәселен, камералдық бақылау салық декларация мәліметтері және басқа да ақпарат көздері негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі бизнес субъектілерінің заң бұзушылығын ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді. Айталық, 2021-2023 жылдары тіркелуін (қайта тіркелін) сот заңсыз деп таныған компаниялардың контрагенттеріне қатысты камералдық бақылау жүргізудің нәтижесінде 34,7 млрд теңге қосымша салық түсімі қамтамасыз етілді», – деді министр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыға жақын жерде жер сілкінді
«Жігіт сасқалақтап қалды»: Нюшаға қазақша ән шырқатқан Қайрат Нұртасқа халық риза болды (ВИДЕО)
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады