Шетелдік көлігін тіркемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Елімізде 304 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылған. Оның ішінде 21 мың автоконструктор және 55 мың автокөлік уақытша есепке тіркелген. Қазір ел аумағында заңды тіркелмеген шетелдік көліктің нақты саны жоқ. Заңдастырып үлгермегендер жалпы шарттар бойынша тіркелуі керек. Көлік тіркелмеген жағдайда оның иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Көлікті қазақстандық есепке қою үшін бастапқы тіркеу алымын төлеу қажет. Алым қозғалтқыш түріне және көліктің шыққан жылына қарай есептеледі. Көліктің жылы ескі болған сайын төлем қымбаттайды. Дәстүрлі қозғалтқышы бар жеңіл көлік 2023-2024 жылы шықса 0,25, көлікке 3 жыл болса 50, ал 3 және одан жоғары ескі көліктерге 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем алынады. Алтынбек ЖАМАЛИЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Заңдастыру өтпеген шетелдік автокөліктерге қатысты олар техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда көзделген барлық төлемдерді төлеумен тіркеуге жатады. Бұл ретте автокөлік иелеріне белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөліктерді пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?