Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Қазақстанда шетелдікке тұрмысқа шыққаны үшін қыздарға салық салу туралы бастама көтерген еді.Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы бастамаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Шенеуніктің айтуынша, ол мұндай ұсынысты білмейді. Алайда ұсыныс түссе қарастырылады."Ұмытпасам, кейбір елдерде бұл (шетелдіктермен некеге тұру салығы - еск.) тәжірибеден өткізіліп жатыр. Сондықтан зерттейміз, мұндай ұсыныс түссе қарастырамыз. Бірақ бұл әлі талқыланбады", - деп жауап берді Жамаубаев.