«Ішкі саясат та, сыртқы саясат та сындарлы, салмақты болуы керек», - Президент

«Ішкі саясат та, сыртқы саясат та сындарлы, салмақты болуы керек». Жамбыл облысындағы жұмыс сапары барысында зиялы қауыммен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. «Бір ел, бір ұлт болып ұйысып, ел үшін қызмет ету керек» деді. Президент сондай-ақ, бірнеше нысанда болды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Онда президент жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесті. Ғайни ӘБЕНОВА, АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Біздің елде жақсы жағынан көп өзгерістер болып отыр. Соның ішінде шығармашылыққа, руханиятқа, мәдениетке, әдебиетке, өнерге көп ден қойылып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізге сенген халқыңыздың қолдауымен жақсылыққа, жаңалыққа толы әрбір бастамаңыз игілікті болсын. Сізді алты алаштың рухы қолдасын. Президент жазушының баласы ретінде шығармашылық адамдарын әрқашан қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ еліміз дамып, өркендеуі үшін алдағы саяси науқандар кезінде де, ең алдымен, ауызбіршілік қажет екеніне назар аударды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Ең басты мәселе – әділ, ашық болу керек. Осындай лайықты адамдар біздің Парламентке келсе, еліміздің дамуына үлес қосады деп үміттенемін. Дүниежүзінде болып жатқан жағдайды өздеріңіз жақсы білесіздер. Ішкі саясат та, сыртқы саясат та сындарлы, салмақты болуы керек. Бәріміз бір ел, бір халық, бір ұлт болып ұйысып, ел үшін қызмет етейік. Мұнан соң Президент Тараз қаласындағы студенттер үйіне барды. Жақында 500 орындық студенттер үйі пайдалануға берілген. Қасым-Жомарт Тоқаев жатақхананы аралап, жастардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Мемлекет басшысы студенттермен кездесуде мемлекеттің білім саласына айрықша мән беріп отырғанын атап өтті. Қазір білім аламын деген жасқа мүмкіндік мол. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Еліміздің болашағы – жастар. Жаңа буын, жаңа толқын өсіп келеді. Білім алу өте маңызды. Абайша айтқанда, «толық адам» дегеніміз – ойы ұшқыр, зерек, білімге құштар адам. Әр нәрседе қанағат болуы керек. Бірақ білімге келгенде, қанағат болмауы керек. Әрдайым іздену керек. Еліміздің болашақта дамып, көркейген елге айналуы, алдымен, сіздерге байланысты. Біз сіздерге сенеміз, үлкен үміт артамыз. Баршаңызға сәттілік тілеймін! Содан соң Президент Көктал ауылдық мектебіне барды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымымен жүздесіп, жаңа әрі жайлы мектепте білім алып жатқан оқушыларға табыс тіледі. Президент білім ошақтарымен танысып болған соң, өңірдегі «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасына барды. Айта кетейік, голландтық технологиямен 1 миллион балапан өсіретін өндіріс орнында 250-ге жуық ауыл тұрғыны жұмыс істейді. Кәсіпорын жыл сайын 8 мың тонна бройлер етін өндіреді, сондай-ақ өнім ішкі нарыққа жеткізіледі және Ресейге, Қырғызстанға экспортталады. Б. Сатуов

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абдулрашид Садулаев болашақта қай салмақта күресетінін мәлімеді
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға маңызды ескерту жасады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Қосшы қаласында 15 кәсіпкерге 4,5 млн теңгелік берешек төленді