Ішкі істер министрлігі полицейлерді парасаттылыққа тексерудің алғашқы нәтижесімен бөлісті

Ішкі істер министрлігі полицейлерді парасаттылыққа тексерудің алғашқы нәтижесімен бөлісті. Қаңтар айында пилоттық жоба іске қосылған болатын.Соның аясында Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарының полиция департаменттерінде тексерулер жүргізілген. Тексеріс кезінде тәртіп сақшыларының азаматтармен қарым-қатынас деңгейі, өтініштерге жедел әрекет ету қабілеттілігі бағаланды. Сондай-ақ, қызметкердің киімі материалдық-техникалық жарақтандырылуы,қызметтік планшеттерді, жетондарды,автокөліктерді мақсатты пайдалануы тексерілді. Жоба іске қосылған қысқа мерзімге қарамастан тексеру нәтижелері өз тиімділігін көрсетті. Өтініштерге жедел қызмет көрсетіле бастады, қызметкерлер өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға, дұрыс және сыпайы жауап беруге ұмтылуда дейді құзырлылар. Бұл қызмет көрсету моделінің принциптеріне сәйкес келеді. Сонымен қатар тексеру профилактикалық тұрғыдан да әсер еткенін айтады. Әділғожа ҚҰСАЙЫНОВ, ҚР ІІМ ӨҚД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Тексеріс кезінде құқық бұзушылықтар емес, сыртқы қызметтердің жұмысындағы кемшіліктер анықталды.Тексерістер біздің азаматтар кездестірген немесе тап болуы мүмкін өмірлік жағдайларды жасау тұрғысынан өткізілді. Бастапқы кезінде тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылмайды. Басты мақсат кемшіліктерді анықтап зерделеу және осындай фактілерді жою үшін шаралар қабылдау.Тексерілістер жиі жүргізілетін болады. М. Жолдыбалин

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шырша орнатамын деп құлаған мұғалімнің жағдайы туралы айтылды
"Шаңыраққа қараңыз": Депутат аспанның "Құдайы" болып алған компанияны сынады
«Оларды сөкпейміз»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова желіде бірге видео жариялады
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады