ШҚО-да бес жасар қыз экологиялық таза тіс пастасын ойлап тапты

Өнімді бірнеше айда әзірлеген Амина Еркінованың жетекшісі мен ата-анасы алдағы уақытта патенттеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Балабақшаға барып жүрген жеткіншекті кенеттен тісінің ауырғаны мазалап, соның емін табуды ойлаған. Анасы Ақмарал Ермекованың сөзінше, тіс пастасы құрамының қалай болатындығына қызы өзі бас қатырды. Әзірлеген заттың тұтынушыларға зияны тимес үшін бірнеше мәрте тәжірибе жасап көрген."Бұл тауар Қазақстанда әзірге жалғыз, Ресейде аталған әдіс қолданылыпты. Аминамен бірлесе тіс пасталарында зиянды заттар бар деген тұжырымға келіп, тұрғындар үшін химиялық қоспасы жоқ өнім дайындауға бел будық", - деді №18 "Еркетай" балабақша-бөбекжайының тәрбиешілері.Кішкентай өнертапқыштың айтуынша, эко тіс пастасын әзірлеуге үш ай уақыт жұмсады. Ең алдымен мұның тарихына үңіліп, гректер мен римдіктердің алғашында бор, тұз, күл және өсімдік тамырлары қабығынан ұнтақ қолданылғанына қарай ой түйді."Бірінші тәжірибемде таңертең оянған соң тіс пастасының орнына балмен тазалауды жөн көрдім. Ол үшін балауыз балының бір бөлігін балмен шайнадым. Тісім ағарып, нәтижесі таң қалдырды. Бұдан шығатын қорытынды: бал тістерді тазартуға және дезинфекциялауға көмектеседі", - деді Амина.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді