ШҚО-да биыл көміртегі тотығынан уланғандар саны 2,5 есе артты

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері көміртегі тотығынан уланғандар саны 2 жарым есеге артып отыр, деп хабарлайды Kazinform.ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша биыл 539 өрт тіркелген. Оның ішінде 320 оқиға тұрғын үй секторында болды, бұл — өрттердің жалпы санының 62 пайызы. «Өткен жылмен салыстырғанда өрт саны 18 пайызға азайған. Алайда өкінішке қарай кісі өлімі 57 пайызға артып отыр. Жыл басынан бері 22 адам қызыл жалыннан қаза тапты. Көміртегі тотығынан уланғандардың саны 2,5 есе артып, 23 адам болды», - дейді ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов. Жылыту маусымы басталғанға дейін құтқарушылар халық арасында түсіндіру жұмыстарын қолға алып, үйлерді күн сайын аралап, түрлі жиындар, акциялар өткізді. Барлығы 24 430 ауланы аралап шықты. Әлеуметтік осал санаттағы отбасылар тұратын 3574 үйге ерекше назар аударылды. Ол үйлерде департамент қызметкерлері 817 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 509-ы пешке, 257-сі электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға қатысты болса, 51-і басқа бұзушылықтарға жатады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Екі баланы қатар сүндеттегенде жасалатын ырым бар ма?
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
"Алданып қалмаңыздар!": Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады
Роботтар дәуірі басталды
Екі баланы қатар сүндеттегенде жасалатын ырым бар ма?
Қызылорда қысқа дайын болмағаны ма?
Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды
Әскерден неге қаштың, бала батыр?
Бүгін 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Күйдіргіден қауіп көп
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
Нашақорлықпен күрес күшейді
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет