«Қазгидромет» 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады.Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман.Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік–батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ.: 31 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.