Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде жол апатынан 1 адам қаза тапты.ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 8 қаңтарда болған. Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 44-ші шақырымында екі көлік соқтығысты. «Lada Granta мен Mercedes Sprinter автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан бір жолаушы сол жерде жантәсілім етті. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша КР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының адам өліміне әкеліп соғуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ақпаратта. Бірқатар сараптама тағайындалған. Соның нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталмақ.