ШҚО-да ер адам Tik Tok-қа салған видеосы үшін 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды

Шығыс Қазақстан облысында полицей қызметкерін видеоға түсіріп, оны Tik Tok желісіне таратқан ер адам жазаға тартылды. Ол видеода қызметкерге негізсіз сөздер айтып, қорлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Соттағы деректерге сай биыл көктемде, сағат 21:00 шамасында Өскемен қаласындағы Бажов және Белинский көшелерінің қиылысында сотталушы жол ережесін бұзған. Кейін өзін тоқтатқан полиция қызметкерін қарсы сөздер айтып, оны видеоға түсіре бастаған.Ол полиция қызметкерін қорлаған бейнежазбаны Tik Tok желісіне таратып, біраз қаралым жинаған. Алайда кейін сотқа келерде тұрғын салған видеосын өз еркімен өшіріп тастаған.Нәтижесінде Өскемен қаласының № 2 соты тұрғынға қылмыстық кодекстің 378-бабы 2-бөлігі (бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде билік өкілін қорлау) бойынша кінәлі деп таныды. "Қылмыстық кодекстің 378-бабы 2-бөлігінде мұндай заң бұзушылыққа айыппұл немесе қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалады. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар шын жүректен өкіну және кінәсін мойындау. Сот 80 сағатқа қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады",-деп хабарлады Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлназарова Қостанайда фельдшердің соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді
22 желтоқсан – Архившілер күні
Қазақтың бұлбұлы
Сақтық – саналы әрекет
Пияздың пайдасы мен зияны
Әскер қатары толықты
22 желтоқсан – архив қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
Бокста алғаш рет жасанды интеллект төрешілік қызмет атқарды
Жол бойындағы лезгинка: Ақтауда қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
«Бәрінен құтылатын жыл»: Танымал нумеролог 2025 жылға болжам жасады (ВИДЕО)
“Балаларға арналған кәмпит те жоқ“. Дәулет Мұқаев Парламент құпиясын ашты
50 миллион теңге: 7 баланың анасы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
«МҰЗ-2024»: Шымкентте 15 қауіпсіздік белгісі орнатылды
Атырауда 5 жасар баланың саусағы шайбаға қысылып қалған
Қытайда 3 шақырым туннельді 110 күнде қазады, Алматы метросын ше?
Алматы облысында полицей жолда қаза тапты
Бәрі бітті: Меруерт Түсіпбаева жеке өміріндегі сәтсіздік туралы айтты
Атырауда 60-тан аса отбасы ажыраспақ болып, кейін татуласқан
«Балаларға электрошокер қолданып, ине шаншыған»: Атыраудағы әскери мектепте тексеріс басталды
Микрофонға бола жанжалдасқан ер адам сотталды
Ұлытаулық азамат бұрынғы сүйіктісінің жалаңаш суреттерін жариялағаны үшін сотталды
Бүгін қазақстандық архившілер күні
Атырауда баланың саусағы шайбаға кептеліп қалған