Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында жарылыс болды.ТЖМ мәліметінше, 22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында жарылыс болған. Оның салдарынан өрт шығып, 5 техника өртеніп кетті. Сағат 14:44-те жалын оқшауланды. Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді. Тұрғын үй мен орман қорына қауіп жоқ. Отты сөндіруге 5 автокөлік пен 12 адам жұмылдырылды.