26 наурызда Глубокое ауылының Калинин көшесінде жеке тұрғын үй өртенді. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде шатырдың ағаш конструкциялары, аралық қабырғалар, жиһаз, жеке заттар өртеніп жатты, деп хабарлайды Zakon.kz.ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндіру кезінде өрт сөндірушілер 40 шаршы метр аумақтағы өртті сөндіріп, үш газ баллонын сыртқа алып шықты."Өрттің алдын-ала себебі – электр жабдықтарын пайдалану және монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарының бұзушылығы. ШҚО ТЖД азаматтардан тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Электр сымдары мен пештің жағдайына ерекше назар аударыңыз",-деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.