ШҚО-да өрттен көз жұмғандардың жартысы мас болған

Шығыс Қазақстан облысында осы жылдың басынан бері жер үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы салдарынан 121 рет от шығып, 12 адам қаза болды.ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс тұрғындарының арасында үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтындар аз емес.Соның салдарынан жыл басынан бері 121 өрт шығып, 12 адам көз жұмды. Марқұмдардың 50% мас болған. Бұл қайғылы жағдайлар отты абайсыз қолданудан, соның ішінде үй ішінде темекі шегудің салдарынан тіркелді. «Өрттердің 42%-ы пешті жылыту кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан, ал 31%-ы электр аспаптары мен электр жабдықтарын монтаждау және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудан болды. Соңғы оқиға 28 наурызда Жаңа Бұқтырма кентіндегі 5-қабаттағы пәтерде тіркелген. Оқиға орнынан 46 жастағы пәтер иесінің денесі табылды. Келген өрт сөндірушілер түтін аймағынан 14 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады» делінген ақпаратта.Департаменттің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтың айтуынша, жеке тұрғын үй секторына рейдтер жүргізу кезінде мамандар үнемі бұзушылықтарды анықтайды. «Оның ішінде көбінесе пеш мұржасын уақтылы тазаламау, пештер мен электр сымдарының мүшкіл жағдайы тіркеледі. Азаматтардан өз қауіпсіздігі мақсатында өрт пен өлімге әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюды сұраймыз», -деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда жеке клиникаға ота жасатуға барған ер адам көз жұмды
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісімге келді
Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті
Жол жабылып, рейстер тоқтатылуы мүмкін: Астанада қалың қар жауып, боран соғады
Қарағандыда жеке клиникаға ота жасатуға барған ер адам көз жұмды
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісімге келді
Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістан облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдарда шектеулер енгізілді
Шымкент: Тұран ауданында абаттандыру бойынша 40 жоба жүзеге асырылды
Астанада 1 200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Қостанайда жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойған
11 келіге арықтадым. Айжұлдыз Адайбекова салмақ тастау әдісімен бөлісті (ВИДЕО)
11 келіге арықтадым. Айжұлдыз Адайбекова артық салмақтан қалай құтылған (ВИДЕО)
«Пікірімді ешкім сұраған жоқ»: Черчесов отставка туралы айтты
Ресейде Қазақстанның 9 азаматы ірі жол апатына түсіп, екеуі қаза тапты
Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Астанада 1200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Бурабайда 2024 жылы демалған туристер саны бір миллионнан асады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістандық жол сақшылары жүргізушілерді мұқият болуға шақырды
Астанада он алтыншы «жайлы мектеп» ашылды (ВИДЕО)