ШҚО-да су тасқынының алдын алу шаралары күшейді

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізу бойынша арнайы жұмыс топтары құрылған. Олардың құрамына жергілікті атқарушы органдар, құтқарушылар, «Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» РММ мамандары кіріп отыр. «Топ мүшелері Шығыс Қазақстанның барлық аудандарына барып, қар шығару және су өткізгіш құбырлар мен каналдарды тазарту жөніндегі жұмыстарды бақылауда. Қажетті материалдық-техникалық құралдарды дайындау барысын да тексеріп, халықпен жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға талдау жүргізуде. Сондай-ақ кәсіпкерлермен азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізуге, төтенше жағдайда адамдарды орналастыруға, көлік қызметтерін көрсетуге келісім-шарттар жасалғанын тексеріп жатыр», - делінген ақпаратта. Облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар жалпы ұзындығы 221 шақырым 1057 су өткізу құрылыстарын, 217 канал мен арықты тазартты. Қыс басталғалы бері Шығыс Қазақстанның қала, аудан көшелерінен 243 мың текше метр қар шығарылған. Бұдан бөлек, су тасқыны кезеңіне құм салынған 42 мың дана қап, 1874 тонна инертті материал, 237 тонна жанар-жағармай дайындалды. ТЖД қызметкерлері су тасқыны кезеңі жақындаған сайын дайындық жұмыстарын күшейтуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Барыс" бүгін "Трактормен" кездеседі
Ғани Қайназаров Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті
Тоқаев Әзербайжан президентін туған күнімен құттықтады
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Алматы қалалық ландшафтты жаңартуда: қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды
108 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегері атанды
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Алматылық сарапшы Жаңа жыл қарсаңында тамақтан уланудан қалай сақтануға болатынын айтты
Талғардағы қайғылы оқиға: "боттар шабуылы" жалған болып шықты