ШҚО-да үлескерлерді 606 млн теңгеге алдап кеткен ЖШС басшысы ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ЖШС басшылығына үлескерлерден заңсыз ақша жинады деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр.Ведомство мәліметінше, қылмыстық істі тергеу барысында ЖШС-нің лауазымды қызметкерлері 2021-2023 жылдар аралығында үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсаты болмай, пәтерлерді ерте кезеңде брондау арқылы азаматтарды үлестік құрылысқа белсенді тартқаны анықталды. «Халықтың сенімін асыра пайдаланып, оларды алдау арқылы 606,5 млн теңге сомасында ақша қаражатын иемденді. Қазіргі уақытта тараптардың қосымша келісімдер жасасу арқылы пәтерлерді алдын ала брондау шарттары тоқтатылды, құрылыс жұмыстары жүзеге асырылмайды. Сот шешімімен ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензияның қолданылуы тоқтатылды. ЖШС жетекшісіне соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген ҚМА хабарламасында. Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды. «Құрметті азаматтар! Егер сіз үлестік құрылысқа заңсыз қаражат жинаған тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі», - дейді агенттік өкілдері.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы волонтерлері игі істер марафонын өткізді
Шымкентте полиция есірткі сатушылар тобын ұстады
Шаш ал десе бас алатындар бар: құс шаруашылығын жоғалтып алмаймыз ба? - Сайыров
Сағындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтынды салды
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
Қазақстандық фильм спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
«Назарбаев» әлі де өз күнін өзі көре алмай жүр...
Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді
Президент Хелен Кларкты қабылдады
«Өндіруші» өз өнімдерімен елді қуанта алмай қалды
Қазақстанда «100 медиативті мектеп» жобасы іске қосылды
Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы апатты жағдайдағы ағаштардың орнына ірі көшеттер отырғызылады
«Алматы» спорт клубының спортшылары Х Азия Тынық мұхиты ойындарында 12 медаль жеңіп алды
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында алтын медаль алды
Заң – үлкен-кішіге ортақ
Қазақстанда 108 жастағы сиырлар пайда болыпты
Су саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алады
Смайылов субсидия қаржысы қалай ұрланатынын айтты
Алматыда демалыс жәрмеңкелері жаңарды
Ел игілігі үшін атқарылған өмірлік еңбек
Х Азия Тынық мұхиты ойындарында есту қабілеті нашар адамдар арасында бақ сынаған қазақстандық спортшылар 66 медаль жеңіп алды
Білім саласын цифрландырудың тиімділігі