ШҚО-да бірнеше жасөспірім сотталды. Олар өз замандасына зорлық көрсетіп, ақша талап еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ШҚО-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасына толмаған А және Т-ға қатысты істі Қылмыстық кодекстің 1-тармағының 293-бабы 2-бөлігі (Өзара алдын ала сөз байласу), сол сияқты Қылмыстық кодекстің 1,2-тармағының 194-бөлігі 2-бөлігі (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының зорлық-зомбылық қолдану арқылы бопсалау), 293-бабы бойынша және кодекстің 1-тармағының 2-бөлігі бойынша іс қаралды. Сотта айтылғандай, биыл 1 наурызда «АДК-Ривер» сауд-ойын-сауық орталығында кәмелет жасына толмаған Т және О өзара сөз байласып, бұзақылық ниетпен кәмелетке толмаған Д-ға дене жарақатын келтірді. 2 наурыз күні кәмелетке толмаған Т мен А тағы да өзара келісіп, Д-ны бірнеше рет соққыға жығады. Одан кейін жәбірленушіні қорлап, зорлық-зомбылық арқылы жәбірленушіні іш киімін шешуге мәжбүр еткен. Сонымен қатар болған жағдайды ұялы телефон камерасына түсірген. Айыптылар А және Т іс-әрекеттерін интернетте тарататындығын айтып, жәбірленушіден 50 000 теңге талап еткен. Өз кезегінде прокурор Қылмыстық кодекстің 1-тармағының 293-бабы 2-бөлігі бойынша бас бостандығын айыру, Қылмыстық кодекстің 1,2-тармағының 194-бабы 2-бөлігі бойынша 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, түпкілікті 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын ұсынды. Сонымен қатар 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі қылмыстық кодекстің 1-тармағының 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотталушылар А және Т ақшалай бопсалауды толық мойындамай, кінәларын ішінара мойындады. Ал айыпталушы О. өз кінәсін толық мойындады. Қорғаушы Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөліміне сәйкес А, Т және басқа сотталушыларды ақтауды сұрады. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен, заттай дәлелдемелермен расталды. Соттың жаза бөлігіндегі уәждері мен шешімі Қылмыстық кодестің 293-бабы 2-бөлігі ауырлығы орташа қылмыстар санатына және аталған құжаттың 194-бабы 2-бөлігі бойынша ауыр қылмыс түріне жатады. Сот кәмелетке толмағандарды жеңілдететін жағдайларды ескерді. O шын жүректен өкініп, кінәсін мойындады. Сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде аса қатыгездікпен, садизммен, қорқытумен, сондай-ақ жәбірленуші үшін азаптаумен қылмыстық құқық бұзушылық жасау танылды. Істің мән-жайын және сотталушылардың жеке басын, жәбірленушілердің пікірлерін, құқыққа қайшы әрекеттердің сипатын, залалды өтеудің болмауын ескере отырып, А және Т-ға жаза тағайындады. Қылмыстық кодекстің 1-тармағының 293-бабы 2-бөлігі бойынша 1 жыл бас бостандығын шектеу, аталған кодекстің 1,2-тармағының 194-бабы 2-бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазасы тағайындалды. Сонымен қатар айыпты О 1 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы белгіленді. Жәбірленушінің пайдасына 9 000 000 теңге сомасында моральдық өтеу өндірілді. Прокурор сотқа үш айыпталушының ісін ұсынып, оларға қатысты сот айыптау үкімін шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.