ШҚО-дағы мұздақ көлдерге аэровизуалды зерттеу жүргізілді

Қазселденқорғау мамандары «Қазавиақұтқару» тікұшағымен Бұқтырма, Берел өзендері бассейндерінің, Сарымсақты өзені бассейнінің Листвяга жотасы ауданын тікұшақпен аралады. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Жыл сайын қауіпсіздік мақсатында сел қаупі бар жағдайды бақылау үшін көлдердегі мұз әлі ерімеген сәттен бастап және олар толық ерігенге дейін зерттеулер жүргізіледі. Осы ұшу нәтижелері бойынша мұздақ көлдердің көпшілігінің бетінде әлі де биіктігі 0,5-тен 1,5 метрге дейін қысқы қар бар екендігі анықталды. Көлдердің көпшілігінде бассейндердің біртіндеп толтырылуы байқалады. Мұздықтардың қарқынды еру белгілері анықталған жоқ. Ауа температурасы көтерілген кезде өзендердегі су шығыны едәуір артуы мүмкін, - деп атап өтті «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.Шығыс Қазақстан облысының тауларында 144 мұздақ көл қалыптасады. Ең көп мұздақ көлдер Зайсан, Катонқарағай аудандарында және Риддер қаласында қалыптасады. Бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы жағдай тұрақты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Бриллиант сақинамды шешіп бердім»: Мақпал Жүнісоваға кішкентай тыңдарманы әшекей сыйлады (ВИДЕО)
Шымкентте Мұхтар Әуезов университетінің ректорына қатысты тергеу жүріп жатыр
Қостанайдағы орман өрті: екі жылда қандай шаруалар атқарылды?
Қазақстанның атом электр станциясын білікті жұмыс күшімен қамтамасыз етуге әлеуеті жетеді
Әлемде электр энергиясына сұраныс артып тұр
«Атом электр станциясының құрылысы» медиа кеңістігіндегі ең танымал тақырып
Қазақстан Қорғаныс министрлігі: мерзімді әскери қызметті жою – мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді
АЭС – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды қадамы
Медициналық туризмді дамытудағы ядролық медицинаның рөлі
Ядролық медицина – онкологиялық ауруларды ерте анықтау жолы
Еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Айдос Сарым: "Атом электр станциясы – ел болашағының маңызды бөлігі"
Таулы аймақтарда қар жаууы мүмкін
Қарағандыда денсаулығында кінәраты бар 83 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен
Әскерден жарымжан болып оралған Ербаян Түркияға емделуге аттанды
Қазір жастардың 70% алғашқы жыныстық қатынасқа 15 жасқа дейін түседі - акушер-гинеколог
4,2 млрд теңге бөлінген: Атырау облысында 26 км жол 6 жылдан бері аяқталмай тұр
Геннадий Головкин Бас прокурормен кездесіп, маңызды келісімге қол қойды
Дағыстанда жанармай құю бекетіндегі жарылыстан кейін қаралы күн жарияланды
Бас прокуратура мен ҰОК арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды
Кепілде тұрған көліктер сатылып кеткен: Алматыда 230-дан аса адам сан соғып қалды
Астанада Қызылорда облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр
Жанармай құю бекеті жарылып, он адам көз жұмды
Бұл көзілдірікпен шынайы әлем мен виртуалды кеңістікті шатастырып алмаңыз