ШҚО халқы Түркия мен Сириядағы зардап шеккендерге 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Облыс волонтерлері, «Бірге жақсылық жасаймыз» қоғамдық қоры мен Достық үйлерінің ұжымы 8 ақпаннан бері Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинастырып жатыр. Бір аптаның ішінде олар және өңір халқы жинаған көмек 10 тоннадан асқан. Қолұшын созғысы келгендер арасында қарттар да жастар да бар. «Түркия мен Сирияда болған оқиғаларды естіген соң шетте қалмай, қолдан келгенше көмек көрсетуді жөн деп шештім. Ондай апаттар енді болмасын деп тілейміз. Бүгін жиналған гуманитарлық жүкті жөнелтуге дайындалып жатырмыз», - дейді Бексұлтан есімді еріктілердің бірі.Жіберілетін көмектің ішінде макарон өнімдері, көрпелер, термостар, жаялықтар, жеке гигиена құралдары, ересектер мен балаларға арналған жаңа қыстық киімдер, күрткелер, етіктер, жемпірлер, шалбарлар, қолғаптар, шұлықтар және тағы басқа заттар бар. «Жерлестеріміз күн сайын бізге бірінші қажеттілік заттарын әкеліп өткізіп жатыр. Олардың барлығын Астанадағы Сирия мен Түркия консулдықтарына жөнелтеміз», - дейді Шығыс Қазақстан облыстық волонтерлер фронт-кеңсесінің басшысы Данияр Жүнісов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жел күшейеді: еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Рейсті 15 сағат кешіктірген: «Эйр Астана» тағы айыппұл арқалады
Алматыда №12 мамандандырылған гимназия ғасырлық мерейтойын атап өтті
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
ТЖМ құтқарушылары елордада жаппай рейд өткізді
Жасырын қауіп: үйдегі бұл заттарды ай сайын ауыстыру керек
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Қызылорда облысында газ желісіне қосылған ауылдар саны артты
ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті