Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары күн сайын 10-ға жуық рет мамықты шарпыған өртті сөндіруге барады.ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар күн сайын мамықты шарпыған өртпен күресуге мәжбүр. «Жаз келісімен облыста мамықтың өртену оқиғалары жиілеп кетеді. Өрт сөндірушілер күніне 10 ретке дейін осындай өртті ауыздықтауға барады. Көбінесе, бұған тұрғындардың отпен абайсыз болуы және балалардың мамықты өртеп, жалынның таралуын қызығушылықпен бақылап отыруы себеп», - делінген ақпаратта.Мамық жанғыш ұнтақ сияқты өте жылдам жанып, жан-жаққа от шашады. Сонымен қатар теректің мамығы гараждарға, ғимараттарға және үйлерге қауіп төндіреді. Осы ретте, облыстық ТЖД қызметкерлері азаматтарды келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды: - Мамық жиналатын жерлердің жанын үнемі тазалап, су шашып отыру керек. - Балалар мен жасөспірімдерге мамықты өртеп ойнауына жол бермеу қажет. - Мамық көп жерлерде қоқыс жағуға қатаң тыйым салынған;