ШҚО үйлерді су басқан жағдайда, халықты эвакуациялайтын 68 орын дайындалды

Шығыс Қазақстан облысында үйлерді су басса, халықты эвакуациялайтын 68 орын дайындалды. Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ШҚО комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда көктем кезіндегі басты мәселе - су тасқынына дайындық жайы сөз етілді.«Қыс басталғалы жергілікті атқарушы органдар 191 000 текше метрден астам қар шығарды. Су тасқыны қаупі жоғары кезеңде жедел ден қою үшін жеке құрамнан 1719 адам, 224 мотопомпа, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың 83 жүзу құралы, 750-ден астам техника сақадай сай. Қажет болған жағдайда ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің азаматтық қорғаныс полкі қосымша тартылуы мүмкін», - дейді А.Сматлаев. Үйлерді су басқан жағдайда эвакуацияланатын халықты орналастыру үшін қалалар мен аудандардың әкімдері жалпы сыйымдылығы 6500 адамнан асатын 68 орын дайындады. ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов өз баяндамасында өңір бойынша су тасқынына бейім 71 елді мекен бар екенін атап өтті. «Атқарылған жұмыстардың арқасында 15 елді мекенде қауіп толықтай жойылып, 46-сында азайтылған. Су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы шеңберінде 2022 жылы шара іске асырылды. Биыл тағы 5 шара қолға алынбақ», - дейді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Патриарх Кириллді дін лидерлерінің VIII съезіне шақырды
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды
Сағызбай Қарабалин, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі: Адамның көзі – ішкі жан дүниедегі сезімдерді жеткізуші
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Сібір жарасын жұқтырды»: Атырауда қасапшы ауруханаға түсті
Конор Макгрегор зорлау ісі бойынша кінәлі болып шықты
СҚО бойынша ҰҚҚК департаменті бастығының экс-орынбасары күдікке ілікті
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды
Алматы облысында тауда адасқан жасөспірім құтқарылды
Мұғалімдер сынып жетекшісі болғаны үшін қанша теңге алады?
Ресей Солтүстік Кореяға мұнай беріп, қару-жарақ пен сарбаздар алып отыр
Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Соқпақпаев мұрасы – оқырманға олжа
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Жемқорларды ұстауға көмектескендер қалай қорғалады?
Бидайдың құны кебекпен тең
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Емнің де сұрауы бар
Ақтөбе, Түркістан облыстарындағы ауылдар да жабылып жатыр