"Ішіне қан кеткен, бас сүйегі сынған"

Алматыда сырғанақ тепкен 4 бала ауыр жарақат алды. Олардың бас сүйегі сынған, іш қуысы зақымдалған. Қан кету жағдайы болған. Дәрігергер ата-аналарға ескерту жасауда. Қысқы демалыс кезінде балаларға өте абай болған жөн дейді. Қыс қызығының соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы әбден мүмкін екенін айтады. Шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына ауыр жарақатпен 4 бала түсті. Олар сырғанақ пен мұз айдындарында көңіл көтеру барысында зардап шеккен. Төбешіктен жоғары жылдамдықпен сырғанап келе жатқан алты жасар бала басқа баламен соғысып қалған. Мейіржан ҚҰРМАНАЛИЕВ, АЛМАТЫ БАЛАЛАР ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Үш балада бас миының жабық жарақаты, бас миының соғылуымен, бас сүйектерінің сынығымен жатқызылды. Бір жағдайда баланың іш қуысының жарақаты, көк бауырдың жыртылуы, құрсақ ішілік қан кету диагнозымен келіп, бірден шұғыл түрде ота жасалды. Шаңғы теуіп, сырғанаққа барудың қаупін елеусіз қалдыратын бала да, ата-ана да көп. Ойнап жүріп, абайсызда құлап, зардап шеккендер ауруханаға толасыз келіп жатыр. Антонина ШЕФФЕР, АТА-АНА: Осы жерде, нейрохирургия бөлімінде балам жатыр. 2 күн бұрын түсті, басын соғып, талып қалған еді. Балалар сырғанау, шаңғы тебу кезінде бір-бірімен соғысып, құлап жатады. Бұл -өте қауіпті жағдай. Балаларға абай болу керек. Өз көзіммен көріп шошыдым. Кішкентай баланы сырғанайтын баллон ұшырып алып кеткенін көргенде қатты қорықтым. Дәрігерлердің айтуынша, қыс мезгілінде балалардың құлап жарақаттанып қалуы көбіне керекті жабдықтың толық жиынтығы мен қорғаныс дулығасының болмауынан. Бахыт ҚОЖАХАНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ШТАТТАН ТЫС БАЛАЛАР ТРАВМАТОЛОГЫ: Өздігінен жасалған горкалар ғой, не обарудованный. Сол себептен ата-аналар қараусыз болған жағдайда балалар көп жарақат алып қалады. Кейбір жағдайларда ол өте қауіпті, өте қатты асқынулар, қатты жарақаттарға алып келуі мүмкін. Кейбір жағдайда өлімге де алып келуі мүмкін. Өйткені балалардың бастарында шлем болмайды, денелерінде защитный құрал жабдық болмайды. Мұз айдынында жарақат алған тағы бір науқас 16 жасар қыз қазір ауруханада жатыр. Оның бассүйек-миы жарақаттанған, миы шайқалған, төбе аймағы жұмсақ тіндері соғылған. Сондай- ақ Шымбұлақ тау шаңғысы курортында жасөспірім зардап шеккен. Оның да жарақаты ауыр дейді дәрігерлер. Ә. Пернебек

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қуанғаннан жылап жібере жаздадық»: Жұлдыз Әбдукәрімова мен Қайрат Нұртастың видеосы қызу талқыға түсті
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді