Отандық жұлдызды жұп Жанель Мақажан мен Абай Асылхан биыл сәбилі болады. Аяғы ауыр актриса күйеуінің ішіне қарбыз байлап, жүкті әйелдің күйін сезіндіріп көрді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Видеоны Жанель Мақажан Instagram парақшасына жариялады. "Күйеуім жүктіліктің қалай болатынын түсінді", - деп жазды актриса. Видеода Абай Асылханның ішіне қарбыз байлап, жүкті әйел кейпінде қарапайым нәрселерді жасап көргенін байқауға болады. Ол төсектен тұрып, аяқ киімнің бауын байлап, жерге түскен затты көтеріп көрді. Желі қолданушылары актер мен актрисаның бұл әрекетін қызу талқыға салды. "Жарайсыздар", "Менің күйеуім көрсе екен", "Сізді түсінген шығар", "Әр ер адамға осы тәжірибені жасау керек", "Тамаша", - деп жазды желідегілер.