"Шок күйдемін": танымал спортшы допинг дауына ілікті

"Ювентус" пен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба ұзақ уақытқа футболдан шеттетілді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Италияның допингке қарсы прокуратурасы Погбаны 4 жылға футболдан шеттету туралы Италия футбол федерациясына өтініш жолдады. Нәтижесінжде 30 жастағы француз ойыншысы 4 жылға футболдан шеттетілді. Көп ұзамай футболшы бұл үкімге қарсы Спорттық арбитраждық сотқа апелляциялық шағым түсіретінін хабарлады."Мен допингке қарсы комитеттің шешімін білдім және бұл шешімді қате деп санаймын. Мен қатты қынжыламын, шок күйдемін. Менің қол жеткізген жетістіктерімнің бәрі менен ұрланғандай сезінемін. Олар мені бәрінен айырды. Бұл оқиға әлі ашылады, бірақ мен ешқашан допинг ережелерін бұзатын қоспаларды біле тұра немесе әдейі қабылдаған емеспін. Мен кәсіпқой спортшы ретінде тыйым салынған заттармен өнімділікті жақсартуға тырысқан да емеспін. Мен өзім ойнаған қарсылас командалардың спортшылары мен жанкүйерлерін ешқашан сыйламай алдаған жоқпын. Бүгін жарияланған үкімнің негізінде Спорттық арбитраждық сотқа шағым түсіремін", - деп жазды. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 20 тамызында француздық әлем чемпионы допинг дауына іліккен еді. Қайталанған сынама да оны алаңға қайтаруға қауқарсыз болды. "Ювентуспен" 2026 жылға дейін келісім шартқа отырған футболшы алаң сыртында қалды. Ол осы маусымда небәрі 2 рет қана командасының сапында өнер көрсетті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Былтыр Алматыда ойнаған «Астана» өз стадионына оралады
Австрия Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады
“Бұрын бәрі ауыратын“. 70-тен асқан кейуананың әсерлі хикаясы
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі