Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті де студенттерді қабылдауға қызу дайындық жасап жатыр. Жастарды жатақханамен қамтамасыз ету басты назарға алынған. Білім ошағында 5 жатақхана бар. 1365 студент орынмен қамтамасыз етіледі. Сонымен 500 адамға лайықталған жаңа жатақхананың құрылысы басталды. Егер орын тапшылығы туындаса «Көкшетау» қонақүйімен келісім-шартта жасалған. Оқу ордасында бүгінде 7 мыңнан астам студент білім алады. Ғалым БАЙТҮК, ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ПРОРЕКТОРЫ: Бірінші жылы адам үйреніп, жаңа қалада бағдарлануы керек. Біз сол үшін студенттерге барынша жағдай жасаудамыз. Себебі, олар әр өңірден келеді.