Шөлі қанбай қойған: 35 жастағы әйел төрт бөтелке судан уланып көз жұмды

35 жастағы Эшли Саммерс төртінші шілде күні Фриман көлінде жайбарақат демалысын өткізгеннен кейін көп ұзамай судан уланып көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail-ға сілтеме жасап хабарлайды.Саяхатының соңғы күнінде оның бас айналып, ауырған. Сондай-ақ ағзасы сусызданып, шөлдей берген. Бірақ судың ешбір мөлшері оның шөлін қандыра алмапты. Көз жұмбастан бұрын төрт бөтелке (1 бөтелке 500 мл ) шамасында су ішкен. Мисс Саммерс үйіне келгенде миының қатты ісіп кетуіне байланысты гаражда есінен танып қалған. Сөйтіп есін жимастан көз жұмды. Ауруханада дәрігерлер оған гипонатриемия немесе судың интоксикациясы деп аталатын диагноз қойған. Ол денеде судың көп болуы және натрийдің жеткіліксіз болуы нәтижесінде пайда болады. Мисс Саммерстің ағасы Девон Миллер қарындасының жағдайы туралы естігенде өз құлағына өзі сенбегенін айтады. “Бұл бәріміз үшін үлкен соққы болды. Мен біраз уақыт ойланып тұрдым”, – дейді ол. Миллер сондай-ақ оның қатты шөлдегенін, құмды жағалаудан шығып, айлаққа жеткенде дейінгі 20 минуттың ішінде қарындасының 4 бөтелке суды ішіп тауысқанын жеткізді. Саммерс отбасы демалыс күндері Индианаполистен солтүстікке қарай 80 миль жерде орналасқан танымал жазғы демалыс орны Фриман көліне барған. Ағасының айтуынша, Эшли "суға барғанды ұнататын". Олар бұл жерде 1 шілдеден 4 шілдеге дейін демалған. Сейсенбі күні таңертең Мисс Саммерстің жақындары оның ағзасының сусызданып, қанша су ішіп шөлін қандырғысы келсе де одан нәтиже шықпағанын айтты. Сейсенбі күні кешке Миллерге басқа туысынан Эшли туралы жаман хабар жеткен. Ол гаражда есінен танып, Индиана университетінің Арнетт ауруханасына жеткізілген. Осылайша Мисс Саммерс есін жимастан көз жұмған. Оған дәрігерлер оған судан улану немесе гипонатриемия диагнозын қойды. Бұл жағдай қысқа уақыт ішінде шамадан тыс мөлшерде су ішкеннен пайда болады. Ағзаның күрделі мүшелер жүйесінің, ең алдымен бүйректің сұйықтыққа байланысты тепе-теңдігін реттеу қабілетін тежейді. Негізінде су мен натрий, калий және хлорид сияқты электролиттер арасындағы тепе-теңдік сақталып, бұл жасушалардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет. Натрий әсіресе электрлік импульстар арқылы жасушалар арасындағы байланысты сақтауда үлкен рөл атқарады. Натрий сонымен қатар ас қорыту жүйесі мен бүйректегі қоректік заттардың сіңуіне ықпал етеді, яғни қанға қайта сіңетін немесе несеппен шығарылатын су мен электролиттердің мөлшерін реттейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді