«Шөлдала» шекара заставасында асылып өлген атыраулық сарбаздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Жамбыл облысындағы Шөлдала шекара заставасында асылып өлген атыраулық Бекбол Мираштың өліміне қатысты жаға ұстатар деректер шықты. Күдікті ретінде қамауда отырған бөлім командирінің адвокаты Сержан Пралиевтің айтуынша, 18 жастағы сарбаздың өз-өзіне қол салуына сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеті себеп болуы мүмкін. Құзырлы органдар бұл мәлімдемеге қатысты ресми ақпарат әзір таратқан жоқ. Ал марқұм сарбаздың адвокаты қылмыстық іске қатысты ақпараттарды жариялауға қарсы екенін жеткізді.Сержан ТОҚМУРЗИН, ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАРАПТЫҢ АДВОКАТЫ: Менің оппонентім жоғарыда аталған адвокат қылмыстық іске мәліметтерді жариялап отырғанына қарсылығымды білдіремін. Себебі марқұм болған жәбірленушінің ата-анасы, бауырларына, туыстарына бұндай өрескел әрекет орны толмас қайғы әкеліп жатқанын адамгершілік тұрғыдан неге түсінбейді?...Сонымен қатар интернетте жарияланған мәліметтерге ҚР Әскери-тергеу басқармасы, Прокуратура және аталған адвокаттық қызмет көрсететін алқаның басшылығы заңға сәйкесті шешім қабылдаулары міндетті деп есептеймін! Баспасөз мәслихатын өткізген күдіктінің адвокатының сөзінше, үш сараптаманың қорытындысы бойынша марқұмның ауыз қуысы мен іш киімдерінде бір емес бірнеше ер адамның биологиялық материалы бар екенін анықталған. Сондай-ақ, адвокат бұл істі тергеуді «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтің өкілеттігін асыра пайдалану» бабынан «сексауалдық сипаттағы зорлық» әрекеті бабымен ауыстыруды сұрап отыр. Сержан ПРАЛИЕВ, КҮДІКТІНІҢ АДВОКАТЫ: Қорғау тараптың өтінішімен бірнеше сараптама тағайындалды. Биологиялық сараптама қорытындысы бәрін есінен тандыра жаздады: қайтыс болған жігіттің ауыз қуысы мен іш киім, футболкасынан екі немесе одан да көп адамға тиесілі шәует ізі табылғанын анықтады. Оның бірі марқұмның әскердегі досына тиесі екенін белгілі болды. Менің қорғауымдағы күдіктінің ДНҚ-сы табылған жоқ. Мен осы шекара бөліміндегі қан тобы сәйкес келетін барлық сарбаздарға тексеруге өтініш берген едім. Ол өтінішім қанағаттандырылған жоқ. Б. Нәдірқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Қостанайда мұздан сырғанау кезінде екі қыз есінен танып қалды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды
Америкалықтар термоядролық станция жасап, шексіз энергияға қол жеткізбекші
1996 жылдан бергі доллар банкноталары айналымнан шыққан жоқ
Енді молдалар қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы алады
Шетелдік транзиттік жүк көліктерінен бюджетке қанша қаржы түседі? Көлік министрі жауап берді
Алматылық студенттер маңғыстаулықтардың 130 миллионын жымқырған
Алматыда күніне 160 жұп некесін қияды
Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады
Алматыда атысқандар ұсталды
Алматы балабақшаларындағы QR-код неге істемей қалды?
Семейде Жаңа жыл шыршасының шамын жағу 25 желтоқсанға ауыстырылды