Белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің өлеңдері ұйғыр тіліне аударылып, кітап болып шықты. Әдебиет тарланы көзі тірі болғанда биыл 77 жасқа толар еді. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысты. Шөмішбай Нағашыбайұлының өлеңдерін тәржімалаған Иминжан Тохтияров ұйғыр тіліндегі кітапты «Дүниені ашық көзбен қарасам» деп атаған.Иминжан ТОХТИЯРОВ, АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Шөмішбай ағаның туған күні еді. Бірақ өлді деуге аузымыз бармайды. Әндері шырқалып жатса, өлеңдері міне. Тағы бір айтатыным, Қазақстан егемендік алғаннан бері мен өзім анализ жасадым, бірде-бір қазақ ақындарының өлеңі аударылып шықпапты ұйғыр тілінде. Мен сол жағынан бақытты сезіндім өзімді.