Шомылу маусымында патрульдер саны көбейіп, субұрқақтар қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі

Жыл сайын су айдындарында суға кеткендердің үштен бірі – балалар, деп жазады inbusiness.kz."Өткен аптаның өзінде елордада өзенді жүзіп өтемін деп, жасөспірім қаза тапты. Қызылордада Балаларды қорғау күнінде бірден екі бала суға кеткен. Түркістан облысында суару каналында екі бала көз жұмды. Каспий теңізінде қараусыз қалған екі жасар бала суға батып кетті", — деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов, өңірлердегі осындай оқиғалардың алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтіп, жазатайым оқиғалар туралы мәліметтер келтірді. "Жүргізілетін патрульдеу санын көбейту қажет. Полиция және төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері балалардың су айдындарының маңында ересектердің қарауынсыз жүру фактілерінің жолын кесу керек", - деп атап өтті Премьер-Министр. Сонымен қатар жаңа қауіпсіз шомылу орындарын құру бойынша жұмысты жандандыру қажет. Үкімет басшысы бұл мәселеге ерекше назар аударуды Қызылорда, Жетісу, сондай-ақ демалыс орындарының саны 10-нан аспайтын Абай және Ұлытау облыстарының әкімдіктеріне тапсырды. Биыл ел бойынша суға түсуге арналған 708 орын белгіленген. Үкімет басшысы суару каналдарының, арықтар мен қалалық субұрқақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды Шомылу маусымына жағдай жасау жөніндегі профилактикалық іс-шаралар шеңберінде өңірлік биліктің назары субұрқақтар мен суару арналарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылуға тиіс. Кәмелетке толмағандардың арықтарға құлап кетуі немесе тыйым салынған жерлерде, оның ішінде субұрқақтарда шомылуына байланысты жазатайым оқиғалар жыл сайын тіркеледі. "Өткен жылы Павлодар облысында субұрқақта шомылып жүрген баланы электр тогы соқты. Әрине, субұрқақта шомылуға тыйым салынған. Бұл туралы санитариялық дәрігерлер үнемі ескертіп келеді. Бұған қарамастан, балалар субұрқаққа шомылуға барады. Мұны Астанада, Алматыда, басқа қалаларда да байқауға болады. Барлық әкімдіктер субұрқақтардың қауіпсіз жұмысын тексеріп, сондай-ақ бақылауды күшейтіп, балалардың шомылуына жол бермеуі тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов. Инженерлік құрылыстарға қатысты Үкімет басшысы әкімдіктерге қоршаулар орнату арқылы каналдар мен арықтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте бұрын-соңды болмаған лазерлік шоу өтті
ТЖМ құтқарушылары жолда қалған шетелдікке көмектесті
Шымкенттік жанкүйерлерді «ренжіткен» маман «Ордабасыға» бапкер болды
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
«Жаман жолға түспеңдер!»: Cарбаздарын үйіне шығарып салған сержантқа көпшілік риза болды (ВИДЕО)
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен
Хоккейден жастар құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
“Жеңіске аз қалды“. Сәби сүйе алмай жүрген блогер жаңалығын айтты
"AMANAT" партиясының депутаты өрттен кейін баспанасыз қалған көпбалалы отбасына көмектесті
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады