Алматы облысында жол апатына көлік дөңгелегінің жарылып кетуі себеп болуы мүмкін. Шонжы-Қалжат тасжолында болған қайғылы оқиғадан екі әйел көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.Телеарна мәліметінше, Lexus көлігі жүріп келе атқанда артқы дөңгелегі жарылған. Содан кейін көлік аударылып кеткен.Салонда 3 әйел болған. Жүргізуші мен бір жолаушы сол жерде көз жұмған. Тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. 25 жастағы қыздың миы шайқалған, көптеген жарақат алған. Жағдайы ауыр.