Индонезия тұрғыны шошқа етін жеген TikTok-тағы видеосы үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Оған "Күпірлік" туралы қылмыстық іс қозғалды. Лина Мукхерджи есімді әйел мұсылманша дұға етіп, содан кейін шошқа етін жей бастағанн бейнежазба түсіргені үшін сотталды. Екі миллионға жуық оқырманы бар индонезиялық әйел Балиге сапарын түсіріп, желіге жариялаған. Ол фуд-блогер ретінде әртүрлі тағамдарды жеп, соларға баға берген. 33 жастағы Мукхерджи "Діни топтарға деген өшпенділікті оятуға бағытталған ақпаратты таратқаны үшін" кінәлі деп танылды. Екі жыл бас бостандығынан айырылып қана қоймай, оған 250 миллион индонезия рупиясы (7,7 миллион теңгеден астам) айыппұл салынды. Егер айыппұлын төлей алмаса, үш айға қамау мерзімін ұзартылады. "Менікі дұрыс емес екенін білемін, бірақ мұндай жазаны мүлдем күтпедім", – дейді блогер. Халықтың 93%-ы мұсылман Индонезияда "Күпірлік" туралы қатаң заңдар бар. Онда шошқа етін жеуге тыйым салынбайды, себебі оны Бали аралында да тұрғындар жейді. Блогер Индонезияның елдегі ең жоғары діни орган болып саналатын Улем Кеңесіне шағымданды.