Әнші Балжан Бидаш сахнаға қайта оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазба жариялады. "Негізі сториске кірмеймін деп едім. Сіздерде қатты сағындым. Сахнадан шығып қалыппын, түсірілімнен босамай жүрмін. Екі күн болды. Кішкене шошып қалыппын" - деп жазды Балжан Бидаш.Желі қолданушылары өнерпазды сахнаға оралуымен құттықтаған."Тілекшіміз", "Бұрынғы Балжанды енді көрдім", "Маған қазіргі Балжан ұнайды","Сахнаға, ортаға оралғаныңа шын жүректен қуаныштымын", - деп жазды олар.Айта кетейік, бұған дейін әнші Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевке тұрмысқа шығып, 1980-1990 жылдар стилінде дүркіретіп той өткізген еді. Одан кейін жұлдызды жұп арақатынасы тоқтағанын, яғни ажырасқандарын айтты. Ажырасқаннан кейін Жахан Отарғалиев киносын жұртшылыққа ұсынып, Балжан Бидаш әншілікті қайта қолға алғанын жеткізді.