Шоу бизнесте алаяқ композитор пайда болды

Шоу бизнесте алаяқ пайда болды. Өзгенің әнін өзімдікі деп бірнеше адамға сатып, соңында жұлдыздар таласқан сәті аз болмапты. Онымен қоса тамада ретінде халықтан алдын-ала ақша алып, тойына келмей ұятқа қалдырған. Мұндай оқиғалардың санында есеп жоқ. Тіпті Қарақалпақстан, Өзбекстан, Қытайдан да шағымданушылар бар. Өнер адамдарын алдап жүрген кім? Тілшіміз шағымданушылармен тілдесті. Ютубқа 2-3 күнде шыққалы отырған дәл осы әнді 2022 өзін композитормын деп таныстырып, әнші Қанағат Меченбайға сатқан. Алданғанын шығын шығып, бар жұмыс біткесін бір-ақ біледі. Шындығында бұл екі ән мүлде басқа адамдардікі, нақты иесін іздеген бірақ таппайды. Қанағат МЕЧЕНБАЙ, ӘНШІ: Өздеріңіз білесіздер «Қойшы бала» атымен танымал болған Айдос Кәден деген інім бар. «Бауырластарым» деген әнді екеуміз жаздық, студияға барып. Одан кейін барып ауылға барып клип түсіріп тастадық. Міне, Алла қаласа 3-4 күннің ішінде шығады. Общий сумма «Әйелдер» бар, «Бауырластар» бар 2 млн-дай кетті. Міне, осылай алдап отыр алаяқ.  «Анам ауырып жатыр, жол апатына түсіп қалдым, балам науқас еді» деп ақшаны алғанша түрлі сылтау айтып, тіпті Алланың атымен де ант еткен. 20 000, 10 000, 5000, нан аламын деп 2000 теңгеге дейін сұрайды дейді. Алаяққа алданғандардың бір әнші, журналист Перизат Алпыс. Перизат АЛПЫС, ӘНШІ, ЖУРНАЛИСТ: Мен оған бас-аяғы 150 000 теңге жіберіп қойдым. Енді 150 000 теңге жібергеннен кейін не ән жоқ, не ақша жоқ. Уже бір айдан асып кетті, мен оның алаяқ екенін білдім. Әне жіберем, міне жіберем, күте тұрыңыз. Бұл өзінің тактикасы сондай екен. Бұл маған сатқан үш әнінің біреуі де өзі емес екенін түсіндім. Әйгерім Сырлыбаева, Саят Әбеновтің әндерін маған сатқан екен. Ол кісілер де в шоке. Ол өзгенің әнін иемденіп сатып қана қоймай, Қазақстанның түкпір-түкпірінен той жасағалы отырғандарды да алдайды. Олардың көптігі сонша, нақты саны белгісіз. Самал ЖАРМАҒАНБЕТ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Менің тойыма келмей қалған. Алдын ала төлемді алды да, тойыма келмей қалды. Қаншама қонақтан ұят болды. Алданғандардың ішінде Кенжебек Жанәбілов, Ғалымжан Жолдасбай, Саят Медеуов, Еркебұлан Құмар, Асхат Тарғын сынды өнер жұлдыздары да бар. Барлығы бірігіп Құқық қорғау органына шағым түсірген. Салтанат ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Аталмыш дерек бойынша Бостандық аудандық полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарына кірісіп кетті. Қазіргі таңда тергеу амалдарын жүргізу барысында барлық обьективті мән-жайлар анықталып, құқықтық тұрғыда баға берілетін болады. Әлеуметтік желідегі парақшаларын түгел өшіріпті. Қоңырау шалып көрдік. Бірақ кінәсін мойындамады. Жақсылық алаяқтық ісін әлі жалғастыруда. Алданғандар арнайы чат құрып, есептегенде жалпы сумма 15-20 млннан асып кеткен. Сан соғып қалғандар абай болуға шақырады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді- қорытынды жаңалықтарда (23.12.2024)
Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады