"Штрафстан ба": министр елде айыппұл неге жоғары екенін түсіндірді

Ішкі істер министрі Ержан Саденов жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі неге жоғары екенін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды. Журналистер министрге мәжіліс кулуарында елдегі айыппұл сомасы көп екенін алға тартып, ел арасында "Штрафстан" деп атауына қатысты сұрақ қойған. "Заңды бұзбайтын азамат үшін қорқатын ештеңесі жоқ. Заң бұзды ма, жазаланады. Бұл заң мен ережені бұзбауға шақырады. Айыппұлды көбейтудегі мақсат – заңға құлақ асатын қоғам қалыптастыру. Біз ереже сақтамайтын азаматтарды тәрбиелеп жатырмыз", - деді министр. Айыппұлдың өсуіне байланысты бюджетке түсім қаншалықты артқанына қатысты сұраққа министр жауап бермеді. "Біз мұндай болжам жасай алмаймыз", - деп қысқа қайырды ол. Айта кетейік, 2024 жылы АЕК 3692 теңгеге дейін өсті. Осыған байланысты қазақстандықтар үшін айыппұл мөлшері өзгерді. 2024 жылы автомобиль қозғалысының жылдамдығын 10-20 километрге арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 18 460 теңге. Жылдамдықты сағатына 20-40 километрге арттырғаны үшін 10 АЕК немесе 36 920 теңге мөлшерінде айыппұл, сағатына 40 шақырымнан асырғаны үшін 20 АЕК немесе 73 840 айыппұл салынады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жылдамдықты қайта арттыру 30 АЕК немесе 110 760 теңге айыппұлмен жазаланады. Автокөлікті басқаруға құқығы жоқ жүргізушіге көлік тізгіндегені үшін 20 АЕК немесе 73 840 теңге айыппұл салынады. Көлік құралын басқару құқығынан айырылғандар үшін көлік жүргізу 50 АЕК немесе 184 600 теңге айыппұл салынады не 20 тәулікке қамауға алынады. Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл 11 076 теңге. Бағдаршамның тыйым салу белгісіне немесе реттеушінің тыйымына қарамастан жүру 10 АЕК немесе 36 920 теңге айыппұл салуға әкеп соғады. Құқық бұзушылықты қайталаса, 15 АЕК немесе 55 380 теңге төлейді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда қыста мопед айдауға бола ма?
Елена Рыбакина Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанды
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Футзалдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары өтті
Алматыда қылмыс жасаған өзбекстандық Ресейде ұсталды
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеге алдап соққан Өзбекстан азаматы экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадацияланды