Әнші Жазира Байырбекова "норка шуба" киюден толыққанды бас тартқан. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында бұлай жасауына екі себеп бар екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Кей құрбыларым "Неге олай жасадың? Қандай жерде өнер көрсетесің? Ол жерге қалай шубасыз баруға ұялмайсың ба?" деді. Мен қалауым сол екенін айттым. Бұл жерде біріншіден, жануардың терісін тірідей сыпырып жасайтыны үшін. Екіншіден, шубаға (қаракүзен тоны - ред.) қолы жетпейтін отбасылар көп. Сол шуба үшін келіспей қалып жатқан отбасы көп. "Менің ата-анама шуба кигізбедің" деген секілді ұрыс-керіс көп екен. Шуба үшін ажырасып кеткен ерлі-зайыптылар бар екен. Бір жағынан шубасыз өмір сүретінін кемі он адамға көрсеткім келді", - деді Жазира Байырбекова.