Швейцария әуекеңістігінде спорттық Gyroflug Speed Canard ұшағы Air Travel Club Birrfeld әуекомпаниясына тиесілі жеңілмоторлы Piper ұшағымен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Aviation Safety Network порталына сілтеме жасап.Әуе апаты тіркелгеніне қарамастан, екі ұшақ та жерге аман-есен қонған. Бірінші ұшақ Люцерн кантонындағы Эммена аэродромына қонған, екіншісі Ваттвиль коммунасындағы жазыққа қонған. Лайнерлердің алдыңғы терезелері, бұрандасы және қозғалтқыш бөліктері зақымданған.Дереккөз мәліметінше, екі ұшақта бес адам болған. Оқиға салдарынан бір әйел адам зардап шеккен, оны жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізді. Қалғандары дін-аман. Осы оқиғаға қатысты тергеу шаралары басталды.