"Швейцария отшашумен күтіп алды". Қызы анасына Еуропа сапары арқылы ерекше тосынсый жасады

Саяхаттау адамға ерекше әсер сыйлайтыны анық. Ал әлемді анаңмен бірге аралау - тіпті бөлек сезім. Дүниедегі ең жақыны - анасымен бірге Еуропа аралаған Мереке Рахманова да дәл осындай пікірде. Massaget.kz тілшісі анасының арманын орындаған қызбен сұхбаттасып, Еуропа сапарынан қандай естеліктер қалғанын сұрады.Мереке Рахманованың сөзінше, анасымен арада ерекше байланыс қалыптасқан. Сондықтан бірге әлем аралауды бұрыннан ойлап жүрген әрі бұл бала арман болған."Бізде тек ана мен бала арасындағы қарым-қатынас емес, анам екеуміз жан құрбы сияқтымыз. Кішкентай кезімнен ата-анама ел көрсетемін, шетелдерге апарамын деп өскен балалардың бірімін. Кішкентай кезімнен сондай арманым болды. Өзім де саяхаттауды жақсы көремін. Саяхаттау, ел көру адам санасын, көкжиегін кеңейтеді. Әр баланың ата-анасына жасаған, жасай алатын сыйлығы - әлемді көрсету, естен кетпес сәттерді сыйлау. Өмір көзді ашып-жұмғанша өтіп кетеді. Бізбен қалатын зат дүние емес, естеліктер. Мен үшін мотивация - жақын адамдарымды қуанта алу. Сол қуаныш еңбегімнің жемісі деп білемін", - дейді ол.Ал Еуропа сапары ана мен қыздың бірінші әлем аралауы емес екен. Бұған дейін олар Дубайға бірге барған. "Ең алғаш сапарымыз 2019 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне болды. Дубай, Абу-Даби қалаларына бардық. Ол кезде АҚШ-қа тағылымдама бойынша барған едім. Үш ай жазда қосымша жұмыс істеп, елге келіп, анама Дубайға 10 күнге жолдама сыйладым. Екеуміз бірге барып, керемет уақыт өткіздік. Сол кезде осылай қайталап тұру керек екен деп ой түйіп қайттым. Жағажайдағы демалыс қолжетімді дүние, кез келген жаста баруына болады деп ойладым. Келесі сапар Еуропаға болсын деп іштей мақсат қойып қайттым. Еуропа - мәдениеттің отаны, рухани баю мүмкіндігі", - дейді Мереке.Бір саяхатқа шыққан адам үнемі әртүрлі елді аралығысы келуі - қалыпты құбылыс. Мереке де анасымен бірге сапарды Дубайдан тоқтатпауды шешкен. Еуропаны аралау туралы идея да сол Дубай сапарында пайда болыпты. Ал бұл Мерекенің анасына күтпеген тосынсый болған."Идея Дубайда жүргенде келді. Қазір Назарбаев университетінде магистратурада медицина мектебінің 2-курс студентімін. Сабақ күрделі, көп еңбекті талап етеді. Сондықтан осы жазда анаммен демалып қайту керек, Еуропаға баратын сәт туып тұрған сияқты деп жоспарладым. Идеямды жұбайыммен бөліскен кезде бірден қолдады. Кейін әкеммен ақылдастым, ол да бірден қолдау көрсетіп, "барып қайтыңдар, тіл білесің, анаңа көрсетіп кел, өзім де қаржылай көмектесіп, демеуші боламын" деді. Осылайша, виза жасау, билет алу секілді жұмыстарға кірісіп, барлығын өзім алып қойдым. Сөйтіп, анама тосынсый жасадым. Ол визаға кірер кезде білді", - дейді ол.Мереке Рахманова мен анасы Ұлдар Асилованың Еуропаға сапарында 4 ел қамтылған. Бұл сапарда күллі әлемге болоньезе пастасымен танымал болған Болонья қаласын көру мүмкіндігі де туған."Бірінші Италияда, оның ішінде Милан, Венеция, Болонья деген қалаларында болдық. Болонья - болоньезе пастасы шыққан қала. Одан кейін Швейцарияда, Женева, Лаутербруннен, Интерлакен қалаларында болдық. Лаутербруннен, Интерлакен - курорттық қалалар, табиғаты өте керемет. Францияда Парижде, Испанияда Барселонада болдық. Әр елде 3-4 күндей болдық", - дейді Мереке. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
950 жылдық теңдессіз туынды
Астана-Бурабай бағытындағы туристік пойызы 574 жолаушыға арналған
Бүгін қай өңірлерде қар жауады - синоптиктер болжамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Әуежай мен вокзалдарда заң бұзған 1200-ден астам жауапқа тартылды
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты
Әскери жүк тасымалдауға арналған арнайы вагон таныстырылды
Астана-Бурабай бағытындағы туристік пойызы 574 жолаушыға арналған
Әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа министрлік медаль берді
Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Астанада екі жасар сәби петерде қамалып қалған
Қазақстанда полицейлер күшейтілген режимге ауыстырылды
Марк Цукерберг жаңадан сайланған президенттің инаугурациясына 1 миллион доллар берді
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды