Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын зілзаладан келген материалдық шығын анықталды. Қираған үйлерден мемлекетке келген шығынның көлемі 2 триллион түрік лирасын құрады.Жергілікті Trthaber агенттігінің ақпаратынша, шығынның көлемі 280 миллион долларға жеткен. Елдің қаржы және қазынашылық министрлігіне сілтеме жасап хабарлаған агенттік зілзаладан келген шығынның 1999 жылғы жер сілкінісімен салыстырғанда әлдеқайда көптігін айтқан. «Зілзаладан келген шығын - 2 триллион лира (105 миллиард 280 миллион доллар). Бұл 1999 жылы Мәрмәр теңізі аймағында болған жер сілкінісінен шамамен 6 есеге көп шығынға ұшырағанымызды көрсетеді. Бұл көрсеткіш 2023 жылға күтілетін ұлттық табыстың 9 пайызына сәйкес келеді», – делінген министрлік хабарламасында. Бұл ретте батыстық сарапшылар осыған дейін жер сілкінісінің Түркиядағы тұрғын үйлерге шамамен 70,8 миллиард доллар шығын әкелгенін хабарлаған болатын. Ұлттық табыстағы шығын тағы 10,4 миллиард долларды құрайды, ал жұмыс күшінің жоғалуы түрік экономикасына 2,9 миллиард доллар шығын әкеледі.