Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 320 жұмыс орны ашылады

Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 320 жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мәлімдеді. Айта кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республика бойынша 100 миллиард теңге қарастырылған. Оның 10 проценті Шығыс Қазақстан облысындағы пилоттық жобаға жұмсалмақ. Ал, өсімдік және мал шаруашылығы бойынша 1,5 млрд теңгенің жобалары мақұлданған. Яғни, сүт-тауарын өндіретін ферма салу, асыл тұқымды мал тұқымын көбейту, суармалы жерлерді дамыту, және жылыжайлар салу көзделген. Бағдарламаны «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы жүзеге асырмақ. Ол үшін фермерлер өз ұсыныстарын қорғауы қажет. Осы айда жобаның 780 млн теңгесі бөлінеді.Алтай КӨЛГІНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін өте маңызды бағдарлама. Қазіргі уақытта 2,5%, бұл өте жақсы қолдау. Ешбір банк мұндай пайызды бермейді. Ал ауылдағы банктер ауыл тұрғындарының кепілге алған мүлкін алмайды. Сондықтан ауыл тұрғындары жобаның мүмкіндігін тиімді пайдалануы керек. «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл халқының тұрмысын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жасалғанын атап айтты. Бұл бағытта тегін тренинг өткізіп, ауыл тұрғындарына бизнес-жоспар дайындауға көмек көрсетілмек. Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 5 маусымнан 8 маусымға дейін барлық облыстық филиалдарымызда апталық оқу тегін болады. Құжат жинақтаудан бастап, қандай қаржы алуға дейін кеңес беріледі. Сондай-ақ, «Құқық көмек» жобасын іске қосамыз. Заң аясында көмек береміз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді