Шығыс Қазақстан облысында ақ жауын. Соның салдарынан өңірдегі оңтүстік аудандарда қар өте жылдам еріп жатыр. Қолайсыз ауа райына байланысты бүгін Күршім, Глубокое және Өскемен, Риддер қаласында 9-сыныпқа дейінгі оқушылар онлайн оқиды. Қазақстан Телеарнасының тілшісі Олжан Керейханның айтуынша, қазір шығыста күн райы сан құбылды. 3 күн бұрын қатты дауыл соққан. Оның кесірінен Өскемен мен Риддер қаласының бірқатар бөлігі жарықсыз қалған. Сол дауылдың соңғы ақ жауынға ұласты. Кешеден бері тек Өскеменнің көшелеріндегі көлкіген судан аяқ алып жүргісіз. Оған тоқтаусыз еріген қарғын су қосылып жағдайды тіпті қиындатып жіберді. Дегенмен бүгін таң ата жауын басылды. Су басу қаупі де сейілді. Ал кешеден бері облыстық маңыздағы бірнеше бағыттағы автокөлік жолы жабылған. Себебі таулы аудандарда әлі толассыз қар көшкіні түсіп жатыр.«Қазгидромет» орталығының мәліметі бойынша,қатты жауыннан кейбір кіші өзендердің де деңгейі көтеріле бастаған. Дегенмен көбісіндегі мұз әлі сөгілген жоқ. Арнайы мамандар мұз кептеліп сең жүрмес үшін өткен аптадан бастап мұз жару жұмыстарын бастады.