Шығыс Қазақстан облысының полицейлері синтетикалық есірткі ораушыны анықтады.Өскеменде жедел уәкілдер интернет-дүкеннің 21 жастағы есірткі ораушысын ұстады. «Полиция қызметкерлері тінту барысында күдіктіден жалпы салмағы 500 грамм болатын ақ түсті ұнтақ тәрізді зат – мефедронды тәркіледі. Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ПД. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 60-тан астам фактіні анықтағанын айта кеткен жөн. Оның 52-сі өткізу мақсатында. Заңсыз айналымнан 46 келіден астам есірткі түрлері тәркіленді.