ШҚО-да заңсыз жұмыс істеген тай массажистері ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.Заңсыз иммигранттар сауықтыру массажы қызметімен айналысқан. Полицейлер «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Таиландтың үш азаматын анықтады. «Қазіргі уақытта шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де 30 АЕК көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп атап өтті ШҚО ПД көші-қон басқармасының бастығы Жеңісқанов Нұрлан. Үш күн ішінде «Заңсыз келуші» ЖПІШ кезінде көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.