Шығыс Қазақстанда Приморск орманшылығының аумағында өрт сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрлік мәліметінше, 26 маусымда "Асубұлақ орман шаруашылығы" КММ аумағында шамамен 5 га аумақта құрғақ шөп пен бұталар өртенді. МИ-8 тікұшағы өртті сөндіру үшін десант пен су жеткізді.Өрт шыққан жерде орманшылардан, ШҚО ТЖД-дан және ЖАО-дан 126 адам, 18 техника жекелеген түтін ошақтарын сөндіріп жатыр. Өртті сөндіру қолжетімділігі төмен, таулы, жартасты жағдайлармен қиындатылған. Елдімекендерге қауіп жоқ.