Шығыстағы апатты аурухана тұрғындарды қорқытып тұр

Өңірдегі Жаңа Қанай ауылындағы психикалық денсаулық орталығының кетеуі кетіп, тозығы жеткен. Ал жаңа ғимарат салу мәселесі шенеуніктердің алдында үнемі көтерілгенімен шешімін таппай келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.Аты айтып тұрғандай, мұнда сырқаты асқынған, психикалық ауытқуы бар жандар ем алады. Осыдан бірнеше жыл бұрын өткен ғасырдың 40-шы жылдары салынған ғимаратқа республикалық комиссия емдеу мекемесіне лайық емес деп баға берген болатын. Содан бері жаңа ғимарат салуға қаржы бөлінбей келді. Ал психикалық денсаулық орталығына жолы түскен өңір тұрғындары есіктері сықырлап, кірген бойда көңілдерін қорқыныш билейтінін әр жылы айтып жүрді.Аудан әкімдігіндегілердің мәліметінше, нысанның бірнеше корпусы бар. Ресми ақпаратқа сәйкес, алдағы уақытта мұндағы жағдай өзгереді."Бұл маңызды мәселе. Неше жылдан бері шешілмей жүрді. Бұлай болмайды, мұнда ем алып жатқандар біздің азаматтарымыз. Осы қалпында жатқызып қойған жарамас, тығырықтан шығар жол - нысанды толығымен сүріп тастау", - деді өңір басшысы Ермек Көшербаев.Орталық қызметкерлерінің айтуынша, ерлер мен әйелдер бөліміндегілерді қосқанда 46 адам ем қабылдап жатыр. Барлығы бір бөлімшеге жатқызылған. Облыс әкімі тиісті жұмыс көп шығын келтірмейтінін айтты. Жаңа корпус бой көтерсе, Бозанбай ауылындағы дәл осындай орталықтағы жүктемені азайтуға мүмкіндік туады. Одан бөлек, орталыққа 93 адам кезекте тұрған көрінеді.Осыдан төрт жыл бұрын жобалық-сметалық құжаттама аясында ғимарат құрылысына 3,5 млрд теңге қажет делінген еді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда туристердің қанағаттану индексі артты
Тоқаев Абу Дабидегі саммитте сөз сөйлейді
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
«Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген
Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады
Әрбір азамат қарыз алуға тыйым сала алады
2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады
Автомобиль көлігі мен көліктік бақылау комитеті шетелдік рұқсат бланктерін үйлестірудің жаңа механизмін түсіндірді
Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Алматыда есірткі жарнамасы жойылды
Қарапайым ерлік
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 207 мыңнан астам тапсырыс берді
Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті
Үш қағида: Тоқаев Абу Даби саммитінде не ұсынды?
Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзірбайжан қаза болған стюардесса туралы фильм түсірмекші
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті
Тоқаев Абу Дабидегі саммитте сөз сөйледі
Қазақстандық спортшылар таэквондодадан Сауд Арабиясында өткен турнирде топ жарды
Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" саммитінде cөз сөйледі
Астанада студент Таиландтан келген сәлемдеме үшін 8 жылға сотталды
Алматыда жолаушыға қамқорлық көрсеткен автобус жүргізушісіне әкімнің атынан алғыс айтылды
Биыл доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қалай өзгеруі мүмкін