Шылым шегетін ерлер азайып, әйелдер көбейген

Қазір шылым шегетін ерлер азайып, керісінше, әйелдер көбейген. Қыз-келіншектердің жартысынан астамы күніне 20 дана темекі тартады. Бұл қыздардың тәуелділік деңгейі жылдан-жылға артып жатқанын көрсетеді. Кез-келген жерде түтінді бұрқыратып жүретін нәзік жандыларға тұрғындардың да көзі үйреніп кеткен. Оған әріптесім Аружан Задабектің эксперименті дәлел.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Көшеде мынадай темекінің түтінін бұрқыратып тұрып шегетін қыздарды жиі көреміз. Ал сол арулар дәл Сізге келіп, «шылымымды тұтатып беріңізші» десе, Сіз не дер едіңіз? Біз әлеуметтік эксперимент түсірдік. - Сіз шегесіз ба? Неге өзіңіз тұтатпайсыз? – Ұялмайсыз ба осылай қыздар темекі шеккен кезде? – Ұяламын. Енді не істеймін? Бәрі шегеді. – Темекі қымбаттап кетті, иә? – Ыыы. – Темекі тұтатып бер дегенге намыстанбайсыз ба? – Қайдан білейін, сенің денсаулығың ғой. – Вы уже 4-я. – Төртіншы адаммын ба? Бәрі қыздар ма? – Бәрі қыздар. – Жас емессің ба, әлі темекі тартуға? – Енді не істейміз, өмір ғой. – Өмір деп бәрін көре берсең болмайды ғой, қарындасым-ау! Әдемі, сұлу қыз екенсің. Әлемде 1,1 млрд адам шылым шегеді. Оның үштен бірі әйел. Тіпті темекі өндірісімен айналысатын компаниялар соңғы жылдарда өз өнімдерін көбіне қыз-келіншектерге бағыттайтын болған. Бұл нәзік жандылардың жылдан-жылға көк түтінге әуестігі артып жатқанын көрсетеді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Қарапайым қыздардың талайы темекі шегеді ғой. Әсіресе, қаракөз қыздарымыз темекі шегіп жатса, әрине, қарның ашиды. - Көшеден темекі шеккен қыздарды көремін, постоянно! Келіспеймін қыздардың шекеніне. - Көп көремін. Әсіресе қыздар шегіп жүреді. Шылым шегу көрсеткіші бойынша Қазақстан 127 елдің ішінде 41-орында тұр. Елімізде әрбір 10 әйелдің бірі және 10 еркектің төртеуі темекі тартады. Бір қуантатыны, соңғы 10 жылда осы өнімге құмар жігіт саны 14 процентке азайған. Бірақ көк түтінге уланып жүрген нәзік жандылар саны керісінше, артып жатыр дейді дәрігерлер. Қыздардың, қыз-келіншкетердің саны 2,5, 2 есе жоғарылады. Сондықтан ол өте қауіпті. Неге десең, бұл мәселе көбінесе 28-30 жастағы қыз-келіншек ол ұрпақ көтереді бірнеше. Ол ұрпақ қандай болады? Психолог Анаргүл Ибрайымбекова темекіге тәуелді қыз-келіншектермен жиі жұмыс істейді. Айтуынша, әйелдердің тәуелділіктен құтылуы ерлерге қарағанда әлде қайда қиын. Олармен кемінде жарты жыл жұмыс істеу керек. Анаргүл ИБРАЙЫМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ: Егер де іштей ынтасы болмаса, ол қандай препараттармен емделсе де, қандай психологиялық техникалармен емделсе де ешқандай көмегі болмайды. Темекіге құмар әйелдердің көрсеткіші бойынша еліміз әлем бойынша 61-орында тұр. Бұл Қазақстан қыздарының 9 проценттен астамы шылым шегеді дегенді білдіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жылына әлемде шылым шеккен 8 миллионнан астам адам көз жұматынын айтты. Бұл тізімде өзі шылым шекпесе де, жанындағы адамның темекі түтінінен уланғандар бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Мұртыңды ұрайын...
Бүгін қай өңірлерде қар жауады - синоптиктер болжамы
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты